Блемиш гель 15г 1%
Шығарылу түрі:
Сыртқа қолдануға арналған гель
Белсенді зат:
Клиндамицин, Адапален
Қолдану көрсеткіштері
безеу бөртпесін (Acne vulgaris) жергілікті емдеу
Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар
9 Саудалық атауы. БЛЕМИШ® Дәрілік түрі, дозалануы. Сыртқа қолдануға арналған гель 15 г Фармакотерапиялық тобы. Дерматология. Анти-акне препараттары. Жергілікті қолдануға арналған анти-акне препараттары. Безеу бөртпесін жергілікті емдеуге арналған ретиноидтар. Адапален, біріктірілімдері АТХ коды D10AD53 Қолданылуы: безеу бөртпесін (Acne vulgaris) жергілікті емдеу. Қолдануды бастағанға дейінгі қажетті мәліметтер тізімі Қолдануға болмайтын жағдайлар. адапаленге, клиндамицинге, линкомицинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық 12 жасқа дейінгі балаларға жүктілік және лактация кезеңі Арнайы сақтандырулар Жүктілік және емшек емізу Жүкті әйелдерде препаратты қолданудың қауіпсіздігіне тиісті клиникалық сынақтар жүргізілмегендіктен, гельді осы кезең ішінде пайдаланбау керек. Емшек емізу кезінде препаратты пайдалануға болмайды. Қолдану жөніндегі нұсқаулар. Дозалау режимі Гельдің жұқа қабатын таза құрғақ терідегі зақымданған жерге ұйқыға жатар алдында күніне бір рет жағады. Емдеудің алғашқы аптасы ішінде безеу бөртпесі бұрын көзге көрінбеген ошақтық зақымданудың белсенді субстанциясының әсеріне байланысты өршуі мүмкін. Мұндай жағдайда емдеуді тоқтатпау керек, емдік әсер 1-4 аптадан кейін дамиды, емдеу курсы 4-8 апта. Емдеу ұзақтығын пациенттің клиникалық жағдайының негізінде дәрігер белгілеуі тиіс. Енгізу әдісі және жолы Сыртқа. Артық дозаланған жағдайда қабылдау қажет шаралар Симптомдары: гельді шамадан тыс мөлшерде жаққанда тері қызаруы және қабыршақтануы мүмкін. Емі: симптоматикалық. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болғанда) көзде ашып ауыру сезімі қолданудан кейін препаратты жаққан жерде бірден терінің қызаруы, қабыршақтануы, құрғауы, қышуы және ашып ауыруы, олар кешірек қалпына келеді, аллергиялық реакциялар, фотосезімталдық реакциясы, безеу бөртпесінің күшеюі, шымшу сезімі, терінің жоғары майлылығы, жанаспалы дерматит іштің ауыруы, диарея грамтеріс флора әсерінен туындаған фолликулит Дәріханалардан босатылу шарттары. Рецепсіз босатылады.