Банбакт супп. 100мг №3

Шығарылу түрі:

Қынаптық суппозиторий

Белсенді зат:

Клиндамицин

Қолдану көрсеткіштері

Препаратқа сезімтал микроорганизмдер тудыратын бактериялық вагиноз

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

"БАНБАКТ®. Қолданылуы. Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған бактериялық вагинозда. Қолдану тәсілі және дозасы. Қынап ішіне. Тәулігіне 1 рет бір суппозиторийден 3-7 күн қатарынан ұйықтар алдында. Жағымсыз әсерлері. Жиі: абдоминальді құрысулар, диарея; жалғанжарғақшалы колит; бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы. Дәрілермен өзара әрекеттесуі. Басқа қынаптық препараттарды БАНБАКТ® суппозиторийлерімен бірге пайдалану туралы ақпарат жоқ. Жүйелі қолданған кезде клиндамицин фосфаты нейробұлшықеттік бөгегіш қасиеттерге ие екені анықталды, олар басқа жүйке-бұлшықеттік бөгегіш заттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Қан ұюы (PT/INR) және/немесе қан кетудің ұзақтығы бойынша тесттердің ұзаруы клиндамицинді К дәруменінің антагонистерімен (мысалы, варфарин, аценокумарол және флуиндиол) біріктіріп қабылдаған пациенттерде тіркелді. Айрықша нұсқаулар. БАНБАКТ® препаратын қынап ішіне қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің, әсіресе ашытқы тәрізді зеңдердің қатты өсуіне әкелуі мүмкін, зеңдік инфекцияларды қоса, суперинфекция даму мүмкіндігі бар. Дәрігер инфекцияның типін және дамуы мүмкін әлеуетті диарея қаупін ескеруге тиіс. Бактерицидті препараттарды қабылдағаннан кейін тіпті екі ай өткенде де аурудың даму ықтималдығы туралы деректер бар. БАНБАКТ® препаратын, қынаптық суппозиторийлерді қолдану кезінде жыныстық қатынастан аулақ болу керек, сондай-ақ БАНБАКТ® бұйымдарының басқа түрлерін пайдалану латекс немесе каучуктен жасалған бұйымдардың беріктігін азайтады, сондықтан мұндай бұйымдарды пайдалану ұсынылмайды. Балалар жасындағы пациенттерде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. БАНБАКТ® плацента арқылы шарананың қан ағыны жүйесіне өтеді. Емшек сүтімен бөлінеді. БАНБАКТ® препаратын жүктіліктің II және III триместрінде қынапішілік қолдану ана үшін күтілетін пайдасы шарана үшін әлеуетті қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады. Препарат көлік құралын жүргізушілердің реакция жылдамдығына әсер етпейді. Дәріханалардан босатылу шарттары. Рецепт арқылы.

Сіз біздің серіктестерден сатып ала аласыз