Бактопик Жақпамай 2% 15г

Шығарылу түрі:

Жақпамай

Белсенді зат:

Мупироцин

Қолдану көрсеткіштері

БАКТОПИК® келесі жағдайларда қолдануға арналған:
терінің іріңді бөртпелі инфекциялары (фурункул, пиодерма, стрептодермия, абсцесс), инфекцияланған жаралар, сызаттар, жәндіктердің шағуы
инфекцияланған экзема, дерматит
бактериялық инфекциялардың профилактикасы үшін: жараларда, кесіп алуларда, сызаттарда, жауыржараларда

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

БАКТОПИК® 2%, 15г жақпамайын медициналық қолдану жөніндегі қысқартылған нұсқаулық
Қолданылуы
БАКТОПИК® Staphylococcus aureus салдарлық инфекциясында және Streptococcus pyogenes сезімтал шағын лазерлік зақымданулар сияқты жарақаттық зақымдануларда қолдануға, тігілген жаралар мен сызаттарды емдеуге арналған (ұзындығы 10 см-ге дейін немесе ені 100 см2 дейін).
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- интраназальді және интраокулярлық қолдану
Айрықша нұсқаулар:
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті әйелдерде БАКТОПИК® препаратын қолдану бойынша деректер жоқ, осыған байланысты препарат әлеуетті пайдасы ықтимал қаупінен асқан жағдайда ғана қолданылады.
Лактация
Препараттың емшек сүтіне енетіні туралы деректер жоқ. Егер БАКТОПИК® емшек ұшының жарықтарын емдеу үшін қолданылса, емізер алдында жақпамай қалдықтарын кетіру үшін емшекті мұқият жуу керек.
Дозалау режимі
Ересектер/1 және одан үлкен жастағы балалар
Препарат күніне 3 рет жағылады. Емдеу ұзақтығы – 10 күнге дейін, жүргізіліп жатқан емге клиникалық жауапқа байланысты. Егер клиникалық жауапқа 3-5 күн ішінде қол жеткізілмесе, емдеуді қайта қарау керек. Емдеудің ең жоғарғы ұзақтығы -10 күн.

Сіз біздің серіктестерден сатып ала аласыз