Аскоцин таб. №10

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Белсенді зат:

Аскорбин қышқылы, мырыш

Қолдану көрсеткіштері

С дәруменінің гипо - және авитаминозы Аскорбин қышқылына қажеттіліктің жоғарылау жай-күйі Цинга ауруының профилактикасы және емі

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Аскоцин® препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: Ересектерге тамақтанғаннан кейін күніне 1 рет 1 таблеткадан тағайындалады. Айқын авитаминозда және жұқпалы ауруларды емдеу кезінде күніне 2 рет 1 таблеткадан қысқа мерзімді (5-7 тәулік) қабылдауға болады. Қолдануға болмайтын жағдайлар: препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық, тромбофлебит, тромбозға бейімділік, қант диабеті, несеп-тас ауруы, фенилкетонуриясы бар адамдарға. Айрықша нұсқаулар: 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындауға болмайды. Жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.

Сіз біздің серіктестерден сатып ала аласыз