Қызбамен, бас және бұлшықет ауыруымен, мұрыннан су ағумен, мұрынның бітелуі, түшкіру, көзден жас ағу түріндегі аллергиялық компоненттермен бірге жүретін тұмау және басқа да жедел респираторлық вирустық аурулардың симптомдарын емдеу
Грипго® препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға тәулігіне 3–4 рет сумен ішуге 1 таблеткадан тағайындайды. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 4 таблетка. Емдеу курсының ұзақтығы – 3–5 тәуліктен көп емес. Қолдануға болмайтын жағдайлар: белсенді затқа немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық, трициклды антидепрессанттарды, МАО тежегіштерін, бета-адреноблокаторларды, құрамында парацетамол бар препараттарды бір мезгілде қабылдау, артериялық гипертензия, гипертиреоз, қуық асты безінің гипертрофиясы, созылмалы алкоголизм, бүйрек және бауыр аурулары. Айрықша нұсқаулар: 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындауға болмайды. Жүктілік және емшек сүтімен емізу кезінде қолдануға болмайды.