Үндістанды тамашалау саяхаты

Наурыз өте берекелі болды! 44 қызметкерден тұратын топ йога мен шайдың отаны, ертегідегідей ел - Үндістанға қызықты саяхатқа шықты.

Сапар барысында Делидегі Kusum компаниясының бас кеңсесіне бару бұйырды, сондай-ақ ұмытылмас экскурсиялар жасалды. Кірпіштен салынған әлемдегі ең биік мұнара-Кутуб Минарға барғанымыз есімізде ұзақ уақыт сақталып қалды. Сондай-ақ, ғибадатхана кешендері жадында ұмытылмас әсер қалдырды. Лотос храмы-барлық діндердің ғибадатханасы, пішіні жартылай гүл ашқан лотос гүліне ұқсайтын, бетоннан жасалған және Грециядан әкелінген ақша қардай пентелий мәрмәрімен жабылған үлкен ғимарат. Ал Ақшардхам-Гиннестің рекордтар кітабына енген индуистік ғибадатхана кешені.

Әрине, Үнді сәулет өнерінің ең үлкен ескерткіштерінің бірі, таңғажайып сұлулық саябағы – Тәж-Махал ақ Мәрмәр сарайы баршаға ерекше әсер берді. Киелі ғимарат өзінің үлкен күмбезімен және асыл тастармен көмкерілген ақ мәрмәр бедерімен де даңқты.

Мұндай қызықты сапар еңбекте үздік нәтижеге қол жеткізген қызметкерлердің үлесін бағалауға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Ынталандыру ретінде біздің компания оларға Үндістанды өз көздерімен көруге тамаша мүмкіндік берді. Сапар барысында тобымыз әлемге әйгілі көрікті жерлерді ғана емес, сонымен қатар Kusum өндірісіне де барып көрді: Индор және Бхивади қалаларындағы фармацевтикалық зауыттар, мұнда барлығы компания өнімдерін өндірудің халықаралық стандарттарға сәйкестігін өз көздерімен көрді.

Біздің компания алдағы уақытта да өз қызметкерлерінің жетістіктерін осылай көтермелеуді жоспарлап отырғанын атап өткім келеді. Өйткені, біздің қызметкерлер қызметке беріле жұмыс істейді және асыл мақсат — адам денсаулығына қамқорлық жасау үшін бар күш-жігерін салады!