Газ түзілуімен, мысалы, метеоризм, оның ішінде операциядан кейінгі, нәрестелердегі шаншуларға байланысты асқазан-ішек жолдарының тарапынан болатын бұзылыстарды симптоматикалық емдеу. Құрсақ қуысы мүшелеріне диагностикалық зерттеулер жүргізу кезінде (рентгенография, ультрадыбыстық зерттеу) және гастродуоденоскопияға дайындық кезінде қосымша дәрі ретінде
50 Коликид® суспензия препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: 1 жасқа дейінгі балалар 0,5-1 мл, әр тамақтандыру кезінде балалар тағамы бар бөтелкеге қосыңыз немесе емізу алдында немесе одан кейін кішкене қасықпен беріңіз. Препарат әр 4-6 сағат сайын тамақтану кезінде немесе одан кейін қолданылады. 1-6 жас аралығындағы балалар 1 мл. 6-14 жас аралығындағы балалар - 1-2 мл, 14 жастан асқан және ересектер-2 мл.